Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті 777 млн теңгеден астам қаражатты қайтарды

11 Шілде 2024, 11:25
279
Бөлісу:
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті  777 млн теңгеден астам қаражатты қайтарды
Фото: Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті

Биылғы жылдың алты айында Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің мамандары 777,1 млн теңгеден астам сомаға тұтынушыларға тауарлар мен қызметтерді қайтару, айырбастау және ауыстыруға көмектесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл шамамен 10 мыңнан аса тұтынушының құқығын қорғауға мүмкіндік берді.

«5 млн теңгеден немесе одан да көп қайтару сомасы бар» тұтынушылардың құқықтары қорғалған істер бойынша яғни 18 ірі іс бойынша 112 млн теңге қайтарылды.

«Кем дегенде 5 млн теңгеге қаражатты қайтару шеңберінде» 34 тұтынушының құқықтары жалпы сомасы 437,6 млн теңгеге қорғалды.

Астана қаласының тұрғыны пәтер сатып алып, суық үй-жай мен сапасыз жөндеу мәселелеріне тап болды. Аталған себепке байланысты ол елордалық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментіне хабарласып, ол сотқа дейінгі шағым жасау бойынша құқықтық көмек пен кеңес алды. Атқарылған жұмыстың нәтижесінде тұтынушыға 33 млн теңгеге тең ақшалай қаражаттың толық көлемі қайтарылды.

Елімізідің басқа да аймақтарында тұтынушыларға келесідегідей қомақты сома қайтарылды:

  • Алматыда 7 тұтынушыға жалпы сомасы 122,1 млн теңгеге ақшалай қаражат қайтарылды.
  • Ақтөбе облысында көрсетілмеген туристік қызметтер үшін қаражатты қайтармау туралы өтініштер бойынша және сот процестерінің нәтижесінде 34 тұтынушыға 60,4 млн теңге қайтарылды.
  • Астанада фитнес-орталықтың ұсынылмаған қызметі үшін 28 тұтынушыға 5,3 млн теңге қайтарылды.
  • Маңғыстау облысында 5 тұтынушыға жеткізілмеген ұялы байланыс абоненттік құрылғылары үшін 2,5 млн теңге қайтарылды.
  • Шымкентте 5 тұтынушыға онлайн курстарда сапасыз оқығаны үшін 1,5 млн теңге қайтарылды.
  • Батыс Қазақстан облысында құрылыс салушыға қарсы 15 тұтынушыны қорғау туралы талап бойынша сот үйдегі ақауларды түзетуге және әрбір өтініш берушіге 100 мың теңгеден моральдық зиян өтемақысын өндіріп алуға міндеттеді.
  • Шымкентте 11 тұтынушының футбол клубына қарсы құқықтарын қорғау жөніндегі ауданаралық сотқа шағым 165 мың теңгені қайтаруға арналған медиациялық келісіммен аяқталды.

ҚР СИМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті еліміздің барлық өңірі бойынша тұтынушылардың құқықтарын тиімді қорғау бойынша белсенді жұмысын жалғастыруда.

Өзгелердің жаңалығы