Түсіпов жол-көлік апаттары қозғалыстың қай түрінде көп кездесетінін атады

9 Тамыз 2021, 11:37
2322
Бөлісу:
Түсіпов жол-көлік апаттары қозғалыстың қай түрінде көп кездесетінін атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы елдегі жол қозғалысы қауіпсіздігінің жай-күйі туралы өткен брифингте ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов айтты.

Жүргізушілердің көлікті мас және есірткі шеккен күйінде басқаруына келсек, 10 мың әкімшілік қамауға алынғандардан бөлек, 1000-ға жуық жүргізуші өмір бойынша жүргізуші куәлігінен айырылды. Жол апатына келетін болсақ, жол апатындағы өлім-жітім жол апатының үш түрінен болады. Олар: жаяу жүргіншілер жолағында адамды қағып кету, жолда аударылып қалу және қарама-қарсы жолаққа шығып кету, - деді Түсіпов.

Ол атағандай, бұл жол қозғалысының түрлерінен болған өлім-жітім 58 пайызды құрап отыр.

Жаяу жүргіншілерді қағып кету мәселесі ушығып отыр. Елдегі әр үшінші апат пен төртінші өлім мен жарақат алу қозғалыстың осы түріне қатысты болып отыр. Оған қоса, жаяу жүргіншілер тарапынан да бұзушылықтар бар. Жыл басынан беру олардың тарапынан 150 мың бұзушылық тіркелді. Елдегі әрбір бесінші жол оқиға жергілікті жерлерде жылдамдықты арттыруға қатысты болып отыр, - деді ол.

Түсіпов айтқандай, осы орайда жүргізушілер жергілікті жерлерде жылдамдықты арттырмау керегін айтты.
Өзгелердің жаңалығы