ТҰСАУКЕСЕР. Сарапшы: Еститін мемлекет тұжырымдамасы Қаңтар оқиғасына дейін тек идея болды

3 Маусым 2023, 12:30
2877
Бөлісу:
ТҰСАУКЕСЕР. Сарапшы: Еститін мемлекет тұжырымдамасы Қаңтар оқиғасына дейін тек идея болды
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында істеліп жатқан жұмыстарға әркім әртүрлі баға беріп жатыр. Осы ретте біз де бірқатар сарапшы мен саясаттанушының пікірін білуді жөн санадық, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру 2022 жылға дейін сәл бәсең болды. Ал, 2022 жылы Қаңтар оқиғасынан кейін, яғни бұған дейін концептуалды идеялық тұрғыда айтылатын болса, кейін нақты реформалар жүзеге асырыла басталған секілді. Өйткені идея жүзінде айталған дүние 2022 жылдан бастап нақты орындала бастады, - деді сарапшы Ризат Елубаев.

Өзге сарапшылардың пікірін видеодан көре аласыз.

Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев  «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет. Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады»  деген болатын. Осы ретте елімізде келелі құжат аясында атқарылған және жүзеге асырылып жатқан жұмыстарға сарапшылар мен саясаттанушылардың берген бағасы туралы «Жаңарған Қазақстан» репортаждар сериясын ұдайы ұсынатын боламыз.

Видео: BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы