ТҰСАУКЕСЕР. Еңбек адамы және ерікті

9 Ақпан 2024, 12:30
2657
Бөлісу:
ТҰСАУКЕСЕР. Еңбек адамы және ерікті
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

Ел шырт ұйқыда жатқанда ерте еңбекке кірісетін жандар бар. Себебі олар қоғамдық орынның тазалығы үшін еңбек етеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

BAQ.KZ өзінің көрермендері мен оқырмандарына жаңа жоба ұсынады. 2024 жыл ТМД елдерінде "Волонтерлік қозғалыс жылы" деп жарияланды. Бұл бастаманы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр Бішкектегі Достастық мемлекеттер басшыларының кеңес отырысында қолдаған еді. Президент Достастық елдерінің волонтерлер бірлестіктерінің күш-жігерін жұмылдыру маңызды екеніне назар аударды. 

Еріктілердің ізгі амалдары қоғамымызда тілеулестік, мейірімділік және жанашырлық қасиеттерінің терең тамыр жаюына елеулі үлес қосады. Мұндай адамгершілік талпыныстарға жан-жақты қолдау көрсету маңызды деген болатын. Осы орайда волонтерлердің жұмысын қолдау мақсатында BAQ.KZ ақпарат агенттігінде "Еңбек адамы және ерікті" жобасы қолға алынды. Бағдарламаның мақсаты - әртүрлі салада ерікті түрде қызмет атқарып, жұмысына ақы сұрамайтын волонтерлердің жұмысын көрсету.

Тұсаукесер шығарылым күннің ыстығы мен қақаған аязына қарамай қоғамдық орындардың таза болуы үшін еңбек ететін коммуналдық қызмет маманына арналады.

 

Видео: BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы