ТҰСАУКЕСЕР. Әдемі подкаст: Кітапты қоқыс жәшігіне лақтырып кетті

22 Сәуір 2024, 12:01
1265
Бөлісу:
ТҰСАУКЕСЕР. Әдемі подкаст: Кітапты қоқыс жәшігіне лақтырып кетті
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

Сұлулықты, мейірімділікті, махаббатты бойына жинаған әйелдер қауымының әлемінен әдемі әңгімені осы подкасттан тыңдай аласыздар. Тұсаукесер шығарылымда әйелдердің қоғамдағы орны мен рөлі талқыланады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сондай-ақ кітапхана редакторы - Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасының жетекшісі Бану Даулетбаева мен "Алқа" баспасының бас редакторы - Баян Хасанова кітаптың адам дүниетанымындағы құндылықтары, саяси рөлі туралы айтады. 

Қазіргі таңда қазақ тіліндегі кітаптардың бағасы неге қымбат? Сұраныс қандай? Оқырмандарды көбейту үшін қандай жағдай жасалу керек? Балалар қандай кітап оқып жүр? Осы сұрақтардың жауабын "Әдемі" подкасттан көре аласыздар.

"Әдемі" - нәзік жанды аруларымыздың көкейінде жүрген өзекті мәселелерді талқылайтын подкаст. 

Біздің басты мақсат - әртүрлі тақырыпта ашық сөйлесіп, көкейдегі ешкімге қоя алмаған сұрақтарға жауап табу.

Видео: BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы