Тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейту бойынша заңнамаға түзетулер енгізіледі

12 Желтоқсан 2022, 12:05
1936
Бөлісу:
Тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейту бойынша заңнамаға түзетулер енгізіледі

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің апталық баспасөз мәслихатында айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Біріншіден, «өтініш берушіден» тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ден қоюдың «анықтау» сипатына көшу ұсынылады. Бұл тәсіл жасалған құқық бұзушылық үшін жазаның бұлтартпаушылық принципін қамтамасыз етеді;

Екіншіден, тараптардың татуласу рәсіміне қойылатын талаптарды қатаңдатады. Біз тек сотта татуласуға мүмкіндік беруді ұсынамыз;

Үшіншіден, отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті күшейту. ӘҚБтК шеңберінде қайта қылмыс жасағаны үшін әкімшілік қамауға алу  мерзімдерін ұлғайту ұсынылады;

Төртіншіден, денсаулыққа зиян келтіруге байланысты қылмыстардың құрамына «отбасылық – тұрмыстық қатынастардағы адамға қатысты» біліктілік белгісін енгізу көзделген, – деп атап өтті ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының орынбасары Жасұлан Қаратайұлы.

Өзгелердің жаңалығы