ТүркПА бас хатшысы: Қазақстан Президентінің идеясын қолдайды

9 Қаңтар 2021, 20:48
1520
Бөлісу:
ТүркПА бас хатшысы: Қазақстан Президентінің идеясын қолдайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ТүркПА үйымының бас хатшысы Алтынбек Мамаюсупов Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласының халықаралық қатынастардағы өзара сенімді нығайта түсуде маңызы зор екенін айтты.

Халықаралық Түркі академиясы ұйымдастырған «Түркі әлемі: тарихи-мәдени мұра» халықаралық конференциясында арнайы баяндама жасаған ТүркПА бас хатшысы бірқатар шетелдік саясаткерлердің арандатушы мәлімдемелеріне қатысты ойларымен бөлісті. 

Бүгінде халықаралық қауымдастық соңғы онжылдықтағы ең өткір сенім дағдарысын бастан өткеруде. Қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге қарсы біздің елдеріміз аймақтық және жаһандық қауіпсіздік пен бейбітшілікті нығайта түсуге бағытталған бірқатар бастамалар арқылы оңтайлы жауап бере алады. Осы орайда Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың соңғы оқиғалар тұрғысынан шындығында да өте өзекті мәселелерді көтерген әрі Қазақстанның алдағы даму бағдарын айқындай түсетін мақаласын айрықша атап өтуге болады, – деді ол.

Айта кету керек, онлайн-оффлайн режимде өткен шараға 20 астам мемлекеттен ғалымдар мен сарапшылар, сондай-ақ, түркі елдерінің бірқатар ресми тұлғалары, халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Өзгелердің жаңалығы