Түрколог ғалым Бабаш Әбілқасымов өмірден озды

30 Шілде 2022, 13:40
1299
Бөлісу:
Түрколог ғалым Бабаш Әбілқасымов өмірден озды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түрколог ғалым, филология ғылымының докторы Бабаш Әбілқасымов дүниеден өтті.

Көрнекті түрколог ғалым, тіл білімінің тарланы, филология ғылымдарының докторы, профессор, алыптардың ізін басқан, тоқсанның төріне шыққан Бабаш Әбілқасымов дүниеден озған екен. Марқұмның отбасы мен жақындарына, шәкірттері мен әріптестеріне көңіл айтамын! Жаны жәннатта болсын!, - деп жазды Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Facebook-тегі парақшасында.

 Бабаш (Бабанияз) Әбілқасымұлы Әбілқасымов 1931 жылы Атырау облысының Исатай ауданына қарасты Тұщықұдық (бұрынғы Дуаберген) ауылында дүниеге келді. 

Еңбектері: 

- «Алғашқы қазақ газеттерінің тілі» атты монографиясы (1971 ж.) 

- «XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдеби тілі» атты монографиясы (1982 ж.) 

- «XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ әдеби тілінің жазба нұсқалары» атты монографиясы (1988 ж.) 

- «XX ғасырдағы қазақ әдеби тілі» атты монографиясы жарық көрді (2000 ж.) 

- «Әбілғазы ханның «Түркі шежіресі» және оның тілі» атты монографиясы жарық көрді (2001ж.) 

- Әбілғазы баһадүрдің «Шежіре-и турки» кітабының қазақша аудармасының 2-басылымы жарық көрді (2006 ж.) 

- «Казахский литературный язык второй половины ХІХ века» атты монография (2007 ж.) 

- Ш.Мәжітаева екеуінің авторлығымен «Қазақ әдеби тілінің тарихы» атты оқу құралы (2010 ж.) 

- «Қазақ әдеби тілінің тарихы» атты электрондық оқулық (2011)

 - А.Сейітбекова екеуінің авторлығымен «Қазақ тілі тарихына қатысты түркологиялық ізденістер» атты монографиясы (2011) - Қазақтың ескі жазба әдеби тілі (2016 ж.) - Ғылымдағы әріптестік (2016 ж.)

Марапаттары: 

- Сталин атындағы дербес стипендия иегері (1951-53 жж.), 

- В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толуына байланысты «Ерен еңбегі үшін» медалі (1970 ж.); 

- Қазақ ССР Ғылым академиясының Құрмет грамотасы (1971 ж.)

- «Қазақ ССР оқу-ағарту ісінің озық қызметкері» белгісі (1981 ж.) - «Еңбек ардагері» медалі (1990 ж. ) 

- Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Алғысхаты» табыс етілді (2001 ж.) 

- «Исатай ауданының құрметті азаматы» (2007 ж.). 

- «Ерен еңбегі үшін» медалі (2015 ж.). 

- «Соғыс ардагері» медалі (2015 ж.) - Шоқан Уәлиханов атындағы бірінші дәрежелі мемлекеттік сыйлық (2008 ж.) 

- «Ана тілі» төсбелгісі (2011 ж.) - «Қырғыз тілі» төсбелгісі (2011 ж.)

Өзгелердің жаңалығы