Түркияның Шанлыурфа қаласы маңына метеорит құлады

3 Қыркүйек 2023, 15:17
1119
Бөлісу:
Түркияның Шанлыурфа қаласы маңына метеорит құлады
VIDEO
Фото: Видеодан кадр: t.me/turknws

Әлеуметтік желіде жарияланған құлаған метеорит суреттері Түркияда үлкен резонанс туғызды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Елді дүрліктірген оқиға 2 қыркүйек күні кешкі сағат 20:40 шамасында болған. Қараңғы аспан алдымен көк, содан кейін жасыл, сосын қызыл түске боялды.

Бұл құбылыс Түркияның көптеген провинцияларында көзге түсті. Диярбакыр, Малатия, Эрзурум, Элазығ, Газиантеп, Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Анадолы аймағынан жеткен фото-видеолардан атмосферада жанып кеткен сәулелі нысан анық көрініп тұр.

TRT Haber агенттігінің хабарлауынша, метеорит құлаған сәт Диярбакырмен қатар Шанлыурфада да таспаға түсіп қалған.

Қазір бұл нысанның нақты қай жерге құлағанын анықтау үшін жұмыс басталды.

 

Өзгелердің жаңалығы