Түркияның Қахраманмараш провинциясында тағы жер сілкінді

18 Наурыз 2023, 12:37
770
Бөлісу:
Түркияның Қахраманмараш провинциясында тағы жер сілкінді
Фото: ktk.kz

Түркияның Қахраманмараш провинциясында 4,0 магнитудасымен тағы жер сілкінді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар басқармасының (AFAD) мәліметіне сәйкес, зілзала Түркияның Қахраманмараш провинциясының Гексун ауданында болған.

Еске салсақ, биыл 6 ақпанда Түркияның осы аймағында жойқын зілзаладан мыңдаған адам қаза болған еді. Соңғы деректер бойынша құрбан болғандар саны 48 мыңнан асып отыр.

Түркия вице-президенті Фуат Октайдың мәліметінше, 3 мыңнан астам құтқарушы апат аймақтарында әлі де жұмыс жүргізіп жатыр.

Апат аймағында 1 миллион 805 мың 842 ғимарат тексеріліп, 653 мың тұрғын үй апатты және орташа зақымданған деп танылған. Қоқыстың 20 пайызы шығарылды.

Өзгелердің жаңалығы