Түркияға көмек немесе Мбаппе дәуірі басталды ма?

3 Наурыз 2023, 11:17
773
Бөлісу:
Түркияға көмек немесе Мбаппе дәуірі басталды ма?
Фото: Әлеуметтік желіден

Түркияға қолдау білдірген атақты футболшының жеке парақшасында жазған  жүрекжарды тілегі  әлемдік баспасөзде кеңінен таралды, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

«Пари Сен-Жермен» футбол клубының жұлдызы Килиан Мбаппе жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек көрсетуге бағытталған «Иық тіресе» әлеуметтік жобасына қатысты.

Жұлдызды футболшы Килиан Мбаппе beIN SPORTS Türkiye  твиттер парақшасында жарияланған видеосында  бала кезгі арманның ерекше маңыздылығын айта отырып, оларға көмектесу үшін қолынан келген мүмкіндігін аямайтынын айтқан болатын. Оның дәлелі ретінде әлеуметтік желідегі жеке парақшасында  24 жастағы жұлдызды футболшы түрік туымен бөлісті.

Түркияға көмек немесе Мбаппе дәуірі басталды ма?

Мен француз тілінде сөйлеуді таңдадым. Болған оқиға, әрине,  орны толмас  трагедия. Тіпті қиялымыз жетпейтіндей  тым үлкен оқиға болды. Олардың қандай жағдайды бастан кешіргендерін елестете алмаймын. Мен бұл жобаның бір бөлігі болғанымды мақтан тұтамын. Балалардың армандары мен үшін өте маңызды, - деп атап өтті.

Футболшының бұл әрекеті туралы бірнеше әлемдік баспасөз жарыса жазды.

Франция  журналы Onze Mondial  "Мбаппенің бұл әрекеті – Түркияға тамаша көмек"  десе, Daily Sport France сайты "Түрік теледидарындағы көмек бағдарламасына қатысқан Килиан Мбаппе Түркиядағы жер сілкінісі апатынан зардап шеккендерге қолдау көрсетті"- деп жазды. Ал Instant Foot жаңалықтары Түрік телеарнасының эфиріндегі бағдарламаға Килиан Мбаппе Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмектесу үшін қатысқан болатын.

Бұл көмек мен үшін өте маңызды. Мен осы жобаның бір бөлігі болғаныма  қуанамын - деді футболшының өзі.

Қазіргі кезде Мбаппенің түркиялық жанкүйерлері футболшыға ерекше ризашылығын білдіріп жатыр.

Айта кетейік, соңғы мәліметтерге сүйенсек, Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендер саны 50 мыңға жеткен болатын.

Өзгелердің жаңалығы