Түркиядағы зілзала. 198 сағаттан кейін тірі қалғандар

14 Ақпан 2023, 13:17
2712
Бөлісу:
Түркиядағы зілзала. 198 сағаттан кейін тірі қалғандар
VIDEO
Фото: Elifaysenurbay

Түркиядағы зілзаладан кейін үйінді астынан аман шыққандардың саны сиреп барады. Соңғы деректер бойынша 185 сағаттан кейін 10 жастағы қыз құтқарылған болатын, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алайда құтқарушылардың қарқынды жұмыстарының нәтижесінде 198 сағаттан кейін үйінді астынан тағы екі адам табылды. 48 сағат бойы тоқтаусыз жұмыс істеген құтқарушылар 17 жастағы Мұхаммед есімді азамат пен тағы бір тұрғынды аман алып шықты. Тағы да апалы-сіңілі 3 қызды құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.  

Еске салайық, магнитудасы 7,8-ге дейінгі ірі жер сілкінісі 6 ақпанда басталған еді.

Өзгелердің жаңалығы