Түркиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар арасында қазақстандықтар бар ма?

6 Ақпан 2023, 15:51
1980
Бөлісу:
Түркиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар арасында қазақстандықтар бар ма?
Фото: bbc.com

Бұл сұраққа Сыртқы істер министрлігінің апталық брифингінде ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияров жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Түркияда болған жер сілкінісі бойынша Қазақстан азаматтарының хабарласқаны туралы ақпарат жоқ. Қазір консул Түркияның Төтенше жағдайлар басқармасымен тікелей байланыста. Қаза болғандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары табылған жоқ. Жер сілкінісі жойқын болған. Сондықтан құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ақпаратты тексеріп тұрамыз, - деп атап өтті Айбек Смадияров. 

Еске сала кетейік, Түркияда бүгін 7,4 балдық жойқын жер сілкінісі орын алды.

Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік департаменттің мәліметінге, жер сілкінісі Кахраманмараш провинциясының Пазарджик аймағында жергілікті уақыт бойынша сағат 04:17-де (Мәскеу уақытымен сәйкес келеді) 7 шақырым тереңдікте болған. Жерасты дүмпулері одан кейін жарты сағат бойы әртүрлі аймақта – Адана, Анкара, Анталия, Газиантеп, Кайсери, Мерсин, Трабзон, Шанлыурфада сезілген.

Түркияның кем дегенде төрт провинциясында қираған ғимараттар тіркелген. Кахраманмараш, Малатия, Шанлыурфа және Газиантеп провинцияларында үйлер құлаған.

Өкінішке қарай, зілзаладан зардап шеккендер мен қаза тапқандар бар.

Өзгелердің жаңалығы