Түркиядағы жер сілкінісінен аман қалған қыз елге оралды

6 Наурыз 2023, 17:12
914
Бөлісу:
Түркиядағы жер сілкінісінен аман қалған қыз елге оралды
Фото: t.me/rescuekz

Түркиядағы жер сілкінісінен аман қалған Сабина Мамадиярова Қазақстанға оралды. Бұл туралы СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров министрліктің дәстүрлі брифингінде айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Ол ауруханада болған кезде біздің консул онымен үнемі байланыста болды. Қыздың жанында туыстары да болды. Ол Қазақстанға келді. Бірақ ол мазасын алмауды өтінді. Оның пікір айтқысы келмейді. Біз оның оралуына көмектестік. Ол Анталия – Алматы рейсімен елге жеткізілді, - деді Айбек Смадияров

Министрлік өкілінің айтуынша,  Сабинаның жағдайы тұрақты.

Өзгелердің жаңалығы