Түркиядағы жер сілкінісі. Зардап шеккендер арасында еліміз азаматтарының бар-жоғы айтылды

7 Ақпан 2023, 17:01
1125
Бөлісу:
Түркиядағы жер сілкінісі. Зардап шеккендер арасында еліміз азаматтарының бар-жоғы айтылды
Фото: informburo.kz

Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ. Бұл туралы СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров   Түркиядағы жер сілкінісіне қатысты өткен  брифингте айтты, деп хабарлайды BAQ.kz  тілшісі.

Түркиядағы дипломаттарымыз ондағы төтенше жағдайлар басқармасымен тұрақты байланыста отыр. Осы уақытқа дейін зардап шеккен немесе қаза тапқандардың ішінде қазақстандықтар жоқ. Қираған ғимараттар астынан зардап шеккендерді құтқару жұмыстары әлі жалғасып жатыр, - деді ол.

Смадияровтың сөзінше, Түркияда консулдық есепте 968 қазақстандық азамат тұр.

Анкарада - 498, Стамбұлда - 45, Анкарада - 198 адам. Жалпы есеп бойынша Түркияда 8 219 қазақстандық студент бар. Жалпы Түркияда 75 мыңға жуық Қазақстан азаматы болуы мүмкін, - деп айтты ол.

Айта кетейік, Түркиялағы жер сілкінісінен 4 мыңнан аса адам қаза тауып, 20 мыңы жарақат алған.

Өзгелердің жаңалығы