Түркиядағы жер сілкінісі құрбандарының саны 50 мыңнан асты

20 Наурыз 2023, 23:13
922
Бөлісу:
Түркиядағы жер сілкінісі құрбандарының саны 50 мыңнан асты
Фото: inform.kz

Түркияда 6 ақпанда басталған зілзаладан қазақ тапқандар саны 50 мыңнан асқан, деп хабарлайды BAQ.KZ ресейлік ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Түркияның төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының басшысы Жүніс Сезер осындай мәлімет айтқан.

Кіндігі Қахраманмарашта болған жер сілкінісінің құрбандар саны 50 096 болды. 107 204 адам зардап шекті, –  деді ол журналистерге.

Сондай-ақ ол 300-ден астам адам құрылыс талаптарын бұзуымен байланысты күдіктер бойынша қамауға алынған айтты. Нақтырақ айтсақ, 104 мердігер, 161 прораб, 15 ғимарат иесі, үйлердің бастапқы құрылымына өзгеріс енгізген 18 адам күдікке ілініп отыр.

Еске салсақ, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында 7,7, және 7,6 балдық жер сілкіністері болып, дүмпуі Сирияны да әбігерге салған. Ресми дерек бойынша, Түркияның өзінде ғана апат салдарынан 50 мыңнан астам тұрғын қаза тауып, 107 мыңнан астам зардап шеккен.

Өзгелердің жаңалығы