Түркиядағы жер сілкінісі құрбандарының саны 12 мыңнан асты

9 Ақпан 2023, 09:31
978
Бөлісу:
Түркиядағы жер сілкінісі құрбандарының саны 12 мыңнан асты
Фото: aa.com.tr

Түркияда жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 12 391 адамға дейін өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ Түркияның Anadolu агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Түркияның Төтенше жағдайлар басқармасының мәліметі бойынша, Кахраманмарашта болған жер сілкінісінен 12 мың 391 адам қаза тауып, 62 мың 914 адам жарақат алған.

Жер сілкінісінен зардап шеккен Түркияның оңтүстігі мен шығысындағы басқа провинциялар - Газиантеп, Хатай, Османие, Адияман, Малатия, Шанлыурфа, Адана, Диярбакыр және Килис.

10 сағаттан аз уақыт ішінде болған 7,7 және 7,6 баллдық жер сілкіністерінен 6000-нан астам ғимарат қираған.

Жер сілкінісі 13 миллионнан астам адамға кесірін тигізді.

Өзгелердің жаңалығы