Түркиядағы турнирде Мейрамбек Айнағұлов қола медаль иеленді

11 Наурыз 2024, 13:45
307
Бөлісу:
Түркиядағы турнирде Мейрамбек Айнағұлов қола медаль иеленді
Фото: olympic.kz

Түркияның Анталья қаласында күрес түрлерінен дәстүрлі Яшар Догу және Вехби Эмре турнирі аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Жүлде саны жөнінен Қазақстан әйелдер құрамасы үшінші орынға табан тіреді. Қайрат Сағадиев шәкірттері 122 ұпаймен жалпы командалық есепте үшінші орынға тұрақтады.

Грек-рим күресінен Мейрамбек Айнағұлов (60 келі) пен Тамерлан Шадукаев (77 келі) қола медаль алса, еркін күрестен әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан (97 келі) қолаға қол созды.

Ризабек жартылай финалда Бахрейн атынан сынға түсетін дағыстандық балуан Ахмед Тажукаевтан ұтылған.

Өзгелердің жаңалығы