Түркияда ұшақ апатынан екі адам қаза тапты

2 Желтоқсан 2022, 16:22
964
Бөлісу:
Түркияда ұшақ апатынан екі адам қаза тапты

Түркияның солтүстік-батысындағы Бурса провинциясында бір моторлы ұшақ апатқа ұшырап, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға Османғазы ауданында, Оваакча жылу электр орталығы маңында болған. Оқиға орнына тәртіп сақшылары, өрт сөндірушілер мен дәрігерлер тартылған.

Ұшақ оқу-жаттығу мақсатында көкке көтерілген. Құтқарушылар апат туралы ЖЭО қызметкерлерінен білген.

Апаттың себебі әлі анықталған жоқ.

Өзгелердің жаңалығы