Түркияда президенттік сайлау алдындағы тыныштық күні басталды

13 Мамыр 2023, 11:13
1670
Бөлісу:
Түркияда президенттік сайлау алдындағы тыныштық күні басталды
Фото: Ақорда

Бүгін Түркияда президенттік сайлау алдындағы тыныштық күні басталды. Себебі ертең түріктер республиканың жаңа лидеріне таңдау жасайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«МИР 24» телеарнасының мәліметінше, сайлау бюллетенінде үш үміткердің аты-жөнін көруге болады. Бұл ретте Режеп Тайып Ердоғанның басты қарсыласы - Кемаль Кылыч дар оглу екенін айта кеткен жөн. Бәсеке жоғары. Өйткені сауалнама нәтижелеріне сәйкес түрік сайлаушылары екі кандидатқа дауыстарын тең дерлік берген. Сәйкесінше, екінші турдың өтуі ықтимал.

Кейбір саясаткер қазіргі президенттің саяси додада жеңіліп қалу қаупі бар екенін жоққа шығармайды. Ердоған жақында түркиялық БАҚ-қа берген сұхбатында сайлауда жеңіліске ұшыраса, президенттік қызметтен кетуге әзір екенін жеткізді.

Айта кетейік, Режеп Тайып Ердоған 1954 жылы 26 ақпанда Стамбұлда дүниеге келген. Ол 2003-2014 жылдары Түркия премьер-министрі болды. 2014 жылдан бері Түркия президенті.

Өзгелердің жаңалығы