Түркия жағалауында 22 мигрант суға батып кетті

17 Наурыз 2024, 07:22
467
Бөлісу:
Түркия жағалауында 22 мигрант суға батып кетті
Фото: baq.kz

Түркия жағалауында мигранттар мінген қайық апатқа ұшырап, 22 адам опат болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

24.kz-тің жазуы бойынша, арасында балалар бар. 4 жолаушы құтқарылды. Қайыққа мінгендер Таяу Шығыс пен Азия елдерінен шыққан мигранттар болуы мүмкін. Себебі осы аймақтардан қашқан босқындар Түркия арқылы көрші Грекияға өтуге тырысады.

Айта кетейік, биылдың өзінде түрік жағалауынан Эллада еліне 8 мың адам заңсыз барған.

Өзгелердің жаңалығы