Түркия әрқашан Қазақстан жанында болады - Мұстафа Капуджу

26 Қаңтар 2024, 11:14
543
Бөлісу:
Түркия әрқашан Қазақстан жанында болады - Мұстафа Капуджу
Фото: автордан

Бұл туралы Мұстафа Кемал Ататүрік ескерткішінің ашылуында Түркия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Мұстафа Капуджу мәлімдеді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Түрік елінің елшісі өз алғысөзінде жер сілкінісінен зардап шеккен алматылықтарға көңіл айтты.

Түркия әрқашан Қазақстан жанында болады - Мұстафа Капуджу

Алдымен, жақында болған жер сілкінісіне байланысты Қазақстан халқына көңіл айтқым келеді. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілеймін. Апат кезінде өлім-жітім болмағанына қуаныштымын. Өткен жылдың ақпан айында елімізде болған зілзалада бауырлас Қазақстан мен қазақ халқының қолдауын ешқашан ұмытпаймыз. Түркия қажет болған жағдайда бауырлас Қазақстанның жанында әрдайым болатынын білгендеріңізді қалаймын, - деді Түркия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Мұстафа Капуджу.

Ол сондай-ақ ескерткіштің ашылуы екі ел арасындағы ынтымақтастықты күшейте түсетінін айтты.

Қазақстан Президенті, құрметті Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаның басшылығымен қазақ елінің Түркия 100 жылдығына тарту еткен бұл сыйлығының үлкен мәні бар. Түркия Республикасының 100 жылдығына ортақтасқандарыңызға алғыс білдіреміз. Бүгін салтанатты шара тек ескерткіштің ашылуы ғана емес, екі ел арасындағы бауырластықтың белгісі, - деді Мұстафа Капуджу.

Түркия әрқашан Қазақстан жанында болады - Мұстафа Капуджу

Бұған дейін Алматыда Ататүрік ескерткіші ашылғаны белгілі болды.

Өзгелердің жаңалығы