Түркістандағы сайлау учаскелері дайын

18 Қараша 2022, 10:41
1587
Бөлісу:
Түркістандағы сайлау учаскелері дайын
PHOTO
Фото: автордан

Түркістан қаласындағы Шекті Тілеу Жолдаяқ көшесіндегі №132 сайлау учаскесі сайлау науқанына сақадай дайын, деп хабарлайды аймақтағы BAQ.KZ тілшісі. 

Аталған №132 сайлау учаскескесінің төрағасы Алтынбек Момбековтің айтуынша, қазіргі таңда сайлаушылар тізімінде 2739 сайлаушы бар.

Түркістандағы сайлау учаскелері дайын

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Түркістан қаласындағы Төлеби атындағы №19 жалпы орта мектебінде орналасқан сайлау учаскесін облыстан, қаладан бөлінген кісілер арнайы келіп, көріп кетті. Оған қоса өрт қауіпсіздігі, Қазтелеком мамандары да келді. Сайлау барысына қажетті телефон, компьютер, ноутбук құралдарымен қамтамасыз етілді. Интернетке қосылған. Қазіргі таңда сайлау учаскесі сайлау өткізуге дайын, - деді учаске төрағасы Алтынбек Момбеков. 

 

Түркістандағы сайлау учаскелері дайын

Алдағы келе жатқан жексенбі күні болатын сайлауға қызу дайындық учаскеде тағы бір пысықталып өтті. Өз кезегінде сайлау учаскесінің төрағасы сайлау комиссиясының құрамы туралы да айта кетті. 

Сайлау комиссиясының құрамына «AMANAT» партиясы, Қазақстан халық партиясы, «Ақ жол» Демократиялық партиясы мен Түркістан қалалық «Семей ардагерлері және мүгедектер қауымдастығы одағы» қоғамдық бірлестігі мен Түркістан қаласының ауған соғысы ардагерлерінің қоғамдық бірлестігі, білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының қалалық комитеті және жоғары сайлау комиссиясы ұсынған өкілдері енгізілді. Дауыс берушілер қажет болған жағдайда қалалық прокуратураға, қалалық полицияға, Түркістан қалалық аумақтық сайлау комиссиясына хабарласа алады, - деді учаске төрағасы. 

Еске сала кетсек, 20 қараша күні әрбір сайлаушы ел болашағына жауапты үміткерлердің бірін таңдап дауыс береді. Сондай-ақ басқа адамдар үшін сайлау бюлльетендерін алуға тыйым салынады.

Түркістандағы сайлау учаскелері дайын
Түркістандағы сайлау учаскелері дайын
Түркістандағы сайлау учаскелері дайын
Өзгелердің жаңалығы