Түркістанда жыл басынан бері 14 адам суға кеткен

3 Мамыр 2023, 16:03
1583
Бөлісу:
Түркістанда жыл басынан бері 14 адам суға кеткен
Фото: novochag.ru

Түркістан облысында жыл басталғалы 14 адам суға кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Түркістан өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы, подполковник Қанат Қарабалаев мәлімдеді.

Түркістан облысындағы су айдындарындағы қайғылы жағдайлар бүгінде ең өзекті мәселелердің бірі. Тек биылдың өзінде, яғни жыл басынан бері облыс аумағында 14 адамның суға кету дерегі тіркелді. Оның 9-ы ата-аналарының қарауынсыз қалған жас балалар. Қайғылы жағдайлардың басты себептерінің бірі балалардың судағы қауіпсіздікті сақтамай, рұқсат етілмеген жерлерде шомылады. «Суға түсуге тыйым салынады» деген белгілер орнатылған жерлерде шомылуға болмайтындығын ескертеміз,-дейді Қанат Қарабалаев.

Өңірдегі Төтенше жағдайлар департаменті қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында облыс тұрғындарымен кездесіп, арнайы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ жыл басынан бері департамент қызметкерлері жергілікті полициямен, көлік инспекциясымен және балық шаруашылығы инспекцияларымен бірлесіп 74 рейдтік шара жүргізген.

Қазіргі уақытта Түркістан облысы аумағындағы су нысандарының жалпы саны - 4 334. Оның ішінде 42 су қойма, 149 ірі және кіші өзен, 25 көл, 2 870 канал бар.

Өзгелердің жаңалығы