Тәртіп сақшысына пара бермекші болған жүргізуші жауапқа тартылды

12 Қазан 2021, 20:26
4342
Бөлісу:
Тәртіп сақшысына пара бермекші болған жүргізуші жауапқа тартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кезекті жұмыс күнінде Жетісай ауданы полиция бөліміне ЖПҚ ППР қызмет инспекторы полиция капитаны Мұстафа Тұрлыбеков Жетісай қаласының М.Әуезов пен Махамбет көшелері қиылысына жедел тергеу тобының тез арада жетуін сұраған, деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Анықталғандай, тәулік бойы жол-көлік оқиғаларының алдын алу, болдырмау, қауіпсіздік ережесін сақтау мақсатында жұмыс жүргізу кезінде полицейлер терезесінің екі бүйірі күңгірттелген «TOYOTA Сamry 55» маркалы автокөлікті байқап, тоқтатқан.

Тоқтату барысында жүргізушінің қауіпсіздік белдігін тақпай отырғаны белгілі болды. Құқық бұзушылықтар бойынша әкімшілік хаттама толтыру кезінде жүргізуші тәртіп сақшысына ақша бермек болған. Яғни өзінің құқық бұзған әрекеті үшін полицейлер тарапынан жауапкершілікке тартылмауды мақсат тұтып, полиция қызметкеріне пара ұсынған.

Қазіргі уақытта тәртіп сақшысына пара бермек болған жүргізушіге қатысты ҚК 367-бабы 1-бөлігі, яғни «Пара беру» құқық бұзушылығы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ал жол қозғалысы ережесін бұзып, көлігін күңгірттеп, қауіпсіздік белдігін тақпағаны және көлігінің мемлекеттік нөміріне қосымша нөмірлер жазып алғаны үшін осы жүргізушіге қосымша ҚР ӘҚБтК 590-бабының 5-бөлігі және 593-бабының 2-бөлігімен хаттама толтырылды, - делінген ақпаратта.                                     
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері қызметтік міндеттерін атқару кезінде лауазымды тұлғаларға пара бергені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.
Өзгелердің жаңалығы