Түркістанда шетелдік тіркеудегі бес көлік иесі жауапқа тартылды

Полиция жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстардың жалғасатынын айтып, жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

 Polisia.kz 20 Шілде 2026, 05:18
20 Шілде 2026, 05:18
491
Фото: Polisia.kz

Түркістан қаласында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері жергілікті блогерлермен бірлесіп, шетелдік тіркеудегі көліктерге рейд жүргізді.

Polisia.kz мәліметінше, тексеру барысында Қазақстан аумағында белгіленген тәртіппен тіркелмеген Toyota Alphard, Hyundai Santa Fe, Hyundai Sonata, Toyota Camry және BMW маркалы бес автокөлік анықталды.

Аталған көлік жүргізушілері Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар полицейлер шетелдік тіркеудегі көлік құралдарын пайдалану тәртібі жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, автокөліктерді заң талаптарына сәйкес уақытылы тіркеудің маңыздылығын ескертті.

Полиция жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстардың жалғасатынын айтып, жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

 

Наверх