Түркістанда шекара бекетінен өтпек болған көліктен 35 келі героин табылды

23 Шілде 2022, 13:27
1223
Бөлісу:
Түркістанда шекара бекетінен өтпек болған көліктен 35 келі героин табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткінің ірі партиясын қолға түсірді.

 «2022 жылғы 22 шілдеде ҰҚК Шекара қызметі Түркістан облысы «Жібек Жолы» өткізу пунктінде инспекциялық-тексеру кешенін және қызметтік-іздеу итін қолданумен көлік құралын тексеру барысында жасырылған жерден 35 келіге жақын есірткі заттарын тауып, тәркіледі (болжам бойынша «героин»)», - деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі . 

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы