Түркістанда Орталық Азия мемлекеттерінің алғашқы парламентаралық форумы басталды

9 Ақпан 2023, 16:03
1135
Бөлісу:
Түркістанда Орталық Азия мемлекеттерінің алғашқы парламентаралық форумы басталды
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Бүгін 9 ақпан Түркістанда Орталық Азия мемлекеттерінің алғашқы парламентаралық форумы басталды, деп хабарлайды Түркістан облысының BAQ.KZ тілшісі. 

2022 жылы шілдеде Шолпан-Атада өткен Орталық Азия елдері Президенттерінің кеңесінде Қазақстан форум өткізу туралы бастама тастаған болатын.

Қазір әлемде геосаяси жағдайлар шиеленісіп тұрғандықтан осындай ауқымды басқосуларды өткізу қажет деп санайды саясаттанушы Жанар Тулиндинова.

Халықаралық қатынастар жүйесінің өзі қазір трансформация кезеңінен өтуде. Заңнамалық тәжірибелермен алмасу күтіліп отыр, себебі Орталық Азия елдерінде әлеуметтік-экономикалық және ішкі сипаттағы проблемалар ұқсас. Мысалы, Қазақстанның экономикалық ресурстар мен игіліктерді әділ бөлуге жағдай жасайтын салық заңнамасын реформалау саласында үлкен тәжірибесі бар. Сондай-ақ, еліміздің дамуының жаңа кезеңінде жаңа қоғамдық шартқа негіз қалайтын әлеуметтік кодексті дайындау тәжірибесі де бар, - деп атап өтті сарапшы.

Жанар Тулиндинованың пікірінше, бүгінде елдердің бірлігі, олардың жаңа сын-қатерлер мен қауіп-қатерлерге бірлесіп қарсы тұруға дайындығы ерекше маңызды.

Бұл форум – өңірдің өзекті мәселелерін шешу үшін маңызды алаң болмақ. Трансшекаралық ағымдарды бірлесіп пайдалану, экологиялық және энергетикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету. Мысалы, өткен жылы өзбек әріптестерімен Аралдың проблемаларына қатысты уағдаластықтарға қол жеткізілді. Арал теңізінің апаты тек Өзбекстан мен Қазақстанның проблемасы емес екенін есте ұстаған жөн. Онымен белгілі бір дәрежеде Қырғызстанға қатысты проблемалар мен бұлақ көздері де байланысты. Осы тұрғыда Қазақстанның ортақ міндеттері мен мақсаттарды шешу жолдарын талқылау бойынша парламенттік диалогты жандандыру үшін тиімді алаң құру әрекеті бұрынғыдан да өзекті, - дейді саясаттанушы.

Айта кетейік, форумның күн тәртібінде өңірлік қауіпсіздік, бірлескен инфрақұрылым және логистикалық жобаларды іске асыру, өңірдің транзиттік-транспорттық әлеуетін іске асыру, Орталық Азия елдері тартылған тауарларды жеткізудің баламалы бағыттарын құру мәселелері де қамтылған.

Транскаспий халықаралық көлік бағыты сарапшылардың есептеуінше, Орталық Азия елдерінің ЖІӨ-нің 15 пайызға ұжымдық өсуіне ықпал етуі мүмкін. Шекара маңындағы аудандарда сауда-экономикалық және Логистикалық хабтар желісін дамыту. Олар Орталық Азия елдерінің бірыңғай тауар өткізгіш жүйесінің тірек нүктелері бола алады.

Парламентаралық форум екі күн - 9 және 10 ақпанда өтеді. Оған Орталық Азия мемлекеттерінің заң шығарушы органдарының спикерлері мен депутаттары қатысады.

Форум – Орталық Азия өңірін дамытудың стратегиялық бағыттарын парламентарийлер арасында талқылауға арналған тұрақты алаң.

Форум қорытындысы бойынша Түркістан декларациясын қабылдау жоспарланып отыр.

Өзгелердің жаңалығы