Түркістанда күл-қоқыс мәселесі қалай шешіліп жатыр - облыс әкімі жауап берді

29 Қараша 2023, 13:28
590
Бөлісу:
Түркістанда күл-қоқыс мәселесі қалай шешіліп жатыр - облыс әкімі жауап берді
Фото: ОКҚ

Түркістан облысында күл-қоқыс таситын полигон мәселесі күрделі болып тұр. Ауылдарда заңсыз алаңдар пайда болып, жазық даланы қоқыс қаптаған деген шағымдар көп. Бұл мәселені шешу мүмкін болмай тұр? журналистер облыс әкіміне осындай сұрақ қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Облыс әкімінің айтуынша, күл-қоқыс полигоны бойынша мұндай мәселе бар.

Облыста қазір 159-ға жуық белгіленген полигон орындары бар. Санитарлық-экологиялық департаменттерімен кездескен кезде олардың 70% сол талаптарға сай келмейді дейді. Олар бойынша әрқайсысын анықтап, қосымша қандай жұмыстар керек екенін зерделеп барып,  жергілікті бюджеттен жобалық-сметалық құжаттарын дайындағаннан кейін қаржыландырып сәйкестендіреміз. Жылына екі рет спутниктік түсірілімдерді алып отырамыз. Сол жерден ретсіз күл-қоқыс тастап кеткен жерлерді анықтап, күнделікті тазалап, полиция департаментімен бірге айыппұл салып жатырмыз,-деді облыс әкімі Дархан Сатыбалды.

Өзгелердің жаңалығы