Түркістанда кәсіпкерден пара алған құрылыс бөлімінің басшысы сотталды

17 Мамыр 2023, 11:56
690
Бөлісу:
Түркістанда кәсіпкерден пара алған құрылыс бөлімінің басшысы сотталды
Фото: Артём Чурсинов

Ол құрылыс объектісінің жұмыстарын пайдалануға қабылдау актісіне кедергісіз қол қойғаны үшін кәсіпкерден 400 мың теңге пара алған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Биылғы жылдың 5 мамырында Бәйдібек аудандық сотының үкімімен Бәйдібек аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Т. Досалиев параның отыз еселенген сомасы мөлшерінде, яғни 12 млн теңге айыппұл төлеуге міндеттелді.

Ол Бәйдібек ауданы Ағыбет ауылында «дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс» объектісінің жұмыстарын пайдалануға қабылдау актісіне кедергісіз қол қою және жалпы қамқорлығы үшін кәсіпкерден 400 мың теңге пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ, - делінген Антикор таратқан ақпаратта.

Бұған дейін елорданың қоршаған ортаны қорғау басқармасы басшысы ұсталғаны хабарланды.

Өзгелердің жаңалығы