Түркістанда этномәдени бірлестік өкілдері мен жастар еңбеккерлерге құрмет көрсетті

23 Ақпан 2022, 11:22
1468
Бөлісу:
Түркістанда этномәдени бірлестік өкілдері мен жастар еңбеккерлерге құрмет көрсетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай, Түркістан қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің ұйытқы болуымен шаһардағы құрылыс нысандарында қызу еңбек етіп жатқан жұмысшыларға түскі ас үлестірілді, деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

 Ізгі шараны ұйымдастырушылар алдымен Түркістан қаласында бой көтеріп жатқан «Дарын» мектеп-интернатының құрылыс нысанына барып, жұмысшыларға жүрекжарды лебіздерін жеткізді.

Құрылыс орнындағы учаске басшысының көмекшісі Марат Жахаев Алғыс айту күні мерекесі тұрғындарды бірлікке, татулыққа үндейтінін тілге тиек етіп, осындай игі іске қолдау білдірген барша азаматтарға алғысын айтты. Оның айтуынша, құрылыс алаңында мектеп-интернаттың 700 оқушыға арналған ғимараты мен 500 орындық жатақханасының құрылысы қызу жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары былтыр сәуір айында басталған. Білім ордасы биыл пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

Ізгі іс-шара барысында жалпы 120-дан аса құрылысшыға түскі ас үлестірілді. Аталған қайырымдылық шарасына атсалысып, азаматтық танытқан Қарнақ ауылдық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Бегзад Хабибов барша жұртшылықты Алғыс айту күнімен құттықтады.

Сонымен бірге Түркістанда «Ассамблея жастары» РҚБ Түркістан облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен бір топ ерікті жас облыс орталығындағы тазалық мекемесінің қызметкерлеріне мерекелік көңіл-күй сыйлады.

 

Өзгелердің жаңалығы