Жедел уәкілдер шұғыл іздестіру іс-шаралары барысында бұрын сотты болған Арыс қаласының тұрғынын ұстады, деп хабарлады BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Күдіктінің үйін тінту кезінде өсімдік тектес есірткі затына ұқсас 20 полиэтилен пакет орамасы тәркіленді.
Полицейлер тәркіленген заттай дәлелдемелерді сараптамаға жолдады.
Қорытындыға сәйкес, әрбір орамадағы есірткінің шамамен 60-70 грамды құраған кептірілген марихуана екені анықталды.
Олардың жалпы салмағы 1 келіден асатын марихуана есірткісі болып шықты. ҚР ҚК 296-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды, - деді ТО ПД ЕҚҚІҚБ бастығының орынбасары полиция полковнигі Мади Қожамұратов.