Түркістан: Сарыағашта 50 пәтерлі 13 тұрғын үй салынуда

1 Қазан 2023, 23:13
1995
Бөлісу:
Түркістан: Сарыағашта 50 пәтерлі 13 тұрғын үй салынуда
Фото: Түркістан облысы әкімдігі баспасөз қызметі

Сарыағаш қаласы, Самал-3 мөлтек ауданында жеке инвестор есебінен 50 пәтерлі 13 тұрғын үй салынып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгінгі таңда жеке инвестордың құрылысшылары тарапынан 3 тұрғын үйдің қабырғалары қаланып, шатыры жабылып, жылыту жүйелерінің құрылыс жүргізілуде.

Сонымен қатар тағы басқа тұрғын үйлердің қазаншұңқырлары қазылып, іргетасы қалануда. Құрылыс жұмыстарын биылғы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Өзгелердің жаңалығы