Түркістан: «Қоғамдық пікір» институтының өкілдері референдумды бақылап отыр

5 Маусым 2022, 18:38
1704
Бөлісу:
Түркістан: «Қоғамдық пікір» институтының өкілдері референдумды бақылап отыр
Фото: автордан

Түркістан облысы, BAQ.KZ  тілшісі. Түркістан қаласындағы «Балдырған» бөбекжай-балабақшасындағы №880 референдум учаскесінде «Қоғамдық пікір» институтының өкілдері таңнан бері дауыс беруге келген тұрғындармен сауалнама жүргізіп жатыр. 

Таңғы сағат жетіден бастаған сауалнамаға шамамен мыңнан аса түркістандық тұрғын тартылған. Зерттеу жүргізуге атсалысып жатқан еxit-poll қызметінің өкілі Аружан Байтиктің айтуынша, тұрғындардың басым көпшілігі Ата заңға енгізілген өзгерістерді құптайтынын білдірген. 

Түркістан: «Қоғамдық пікір» институтының өкілдері референдумды бақылап отыр

Байқап тұрғаныңыздай, жергілікті халық референдумға көптеп келіп жатыр. Әсіресе 18 жас пен 50 жас аралығындағы дауыс берушілердің қарасы көп. Біз учаскеге келушілерге «Ата заңға енгізіліп жатқан өзгерістерге қалай қарайсыз?» деген сұрақты ғана қойып жатырмыз. Сізге олардың аты-жөндерін және қандай жауаптар бергенін айта алмаймыз, құпия мәлімет болғандықтан рұқсат берілмеген. Сондай-ақ бізге №880 учаскенің ішіне де кіруге болмайды. Жұмысымыз кешкі сағат жетіге дейін жалғасады. Тұрғындардың көбі сағат он мен екі аралығында белсенділік танытты. Алғаш рет осындай жұмысты атқарып тұрғандықтан ба, өзіме бір жағынан қоғамның саяси өміріне араласып, бақылау жағы тәжірибе болды. Референдумдағы оң өзгерістерді халық қолдайтынын көрсетіп жатыр, - дейді Аружан Байтик. 

Өзгелердің жаңалығы