Түркістан облысының балалары мемлекеттен 93 млн доллар алды

12 Ақпан 2024, 15:25
521
Бөлісу:
Түркістан облысының балалары мемлекеттен 93 млн доллар алды
Фото: Арман Мухатов - архив

ОКҚ алаңында өткен брифингте 18 жасқа толмаған балалардың ең көбі Түркістан облысында екені белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

"БЖЗҚ" АҚ басқарушы директоры Мұрат Шәріпов "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы аясында 1 ақпаннан бастап әр балаға 100 доллар 52 цент көлемінде ақша түсе бастағанын айтты.

Статистикалық деректерден бағдарламаға қатысушы балалардың ең көп саны Түркістан облысында тұратынын көруге болады. Облыстағы 922 841 балаға 92 763 977,32 доллар есептелген. Оның ішінде 18 жасқа биыл толатын 41 968 баланың жинақтау шоттарына 4 218 623,36 АҚШ доллары есептелген.

Балалар саны бойынша екінші орында - Алматы қаласы. Мегаполистегі 666 443 балаға 66 990 850,36 доллар есептелген. Оның ішінде 18 жасқа биыл толатын 26 621 баланың нысаналы жинақтау шоттарына 2 675 942,92 доллар есептелген.

Үшінші орында - Алматы облысы. Облыстағы 608 711 балаға 61 187 629,72 доллар есептелген. Оның ішінде 18 жасқа биыл 26 802 бала толады. Олардың жинақтау шоттарына 2 694 137,04 доллар есептелді.

Өзгелердің жаңалығы