Түркістан облысының әкімі тағайындалды

31 Тамыз 2022, 11:41
1751
Бөлісу:
Түркістан облысының әкімі тағайындалды

Мемлекет басшысының  Жарлығымен Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Дархан Амангелдіұлы 1974 жылы 26 наурызда туған, қазақ, білімі жоғары. 

Білімі: 1996 жылы С.Сейфуллин атындағы Ақмола ауылшаруашылық институтын «Экономика жəне менеджмент» мамандығы бойынша бітірді,

2003 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетінің заң факультетін бітірді. Экономика ғылымдарының кандидаты.

1991 жылы - Келес ауданы «Коммунизм» жұмыс бөлімінің қызметкері.

1996-1999 жылдары - «Келес» РМҚК аға экономисті, Ақмола облысының «Кураков және К» ЖШС бас есепшісі.

2000 жылдан бастап 2002 жылға дейін мемлекеттік мекемелердегі бюджеттік рәсімдерді бақылау басқармасының жетекшісі, бас бақылаушы-аудиторы.

2002 жылдан 2006 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Президенті Аппаратының бюджеттік жоспарлау және қаржылық бақылау бөлімінің референті, кеңесшісі, бас сарапшысы және сектор меңгерушісі.

2006-2007 жылдары - Астана қаласы әкімдігінің «Жылу» Мемлекеттік Комитетінің директоры, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотында әділет басқармасында жұмыс істеді.

2007-2010 жылдар аралығында -  Білім және ғылым министрлігі Бюджет департаменті директорының орынбасары, қаржы департаменті директорының орынбасары, ғылым комитетінің төрағасының орынбасары.

2010 жылдан бастап 2013 жылға дейін - Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бастығы. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Әлеуметтік-экономикалық басқарма бастығының орынбасары.

2013 жылдан бастап 2015 жылға дейін - Шымкент қаласының әкімі.

2015 жылдан бастап 2017 жылға дейін - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары 

Парламент Сенат депутаты, Шымкент қаласынан (2018 жылдан), Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым жөніндегі Тұрақты комитетінің мүшесі (2018 жылдан бастап).

2019 жылдан бастап - Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі.

Медальдар: «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үішін», «Астана қаласының 10 жылдығы», «Аймаққа қызмет көрсету үшін»;

Сондай-ақ Мемлекет басшысының Жарлығымен Өмірзақ Естайұлы Шөкеев Түркістан облысының әкімі лауазымынан босатылды. Президент аймақ басшысы қызметіндегі көп жылғы жұмысы үшін алғыс айтты. 

Түркістан облысының әкімі Шөкеев 26 тамыз күні отставкаға өтініш берген болатын. Өмірзақ Шөкеев 2019 жылы ақпанда Түркістан облысының әкімі болып тағайындалған болатын.

 

Өзгелердің жаңалығы