Түркістан облысындағы ауыл шылым мен ішімдіктен бас тартты

1 Шілде 2023, 22:30
920
Бөлісу:
Түркістан облысындағы ауыл шылым мен ішімдіктен бас тартты
Фото: Артём Чурсинов - архив

Салауатты өмір салтын ұстанатын елдімекенде денсаулыққа зиянды өнім, мүлде сатылмайды, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Бұл ауыл ақсақалдарының бастамасы екен. Төлеби ауданы Қоғалы ауылында соңғы уақытта қылмыс дерегі тіркелмеген. Ажырасатындар да аз. Былтыр аймақтық байқауда бұл ауыл «Үлгілі елді мекен» атанды. 

Түркістан облысы бойынша кейінгі алты жылда темекі мен алкоголь тұтынбайтын ауыл саны 12-ге жеткен. Келген қонақтардың өзі, ауылдың жазылмаған заңына бағынады. Өйткені жергілікті дүкендерде, спирттік ішімдіктер мен табак өнімдеріне сұраныс жоқ. 

Табиғат аясында тұрғаннан кейін өзіміздің денсаулығымызды құртқымыз келмейді. Үлкендердің шешімі бойынша керек заттар, азық-түліктер сатамыз. Алкогольді ішімдіктер және темекі сатпаймыз. Барлық заттар күнделікті күнкөріске нан, жаңағыдай сулар соларды сатамыз, - деді Қоғалы ауылдық округінің тұрғыны Нұртөре Нұржамал.

Өзгелердің жаңалығы