Түркістан облысында жүк пойызының вагондары рельстен шығып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқиға орнынан кадрлар әлеуметтік желілерде пайда болды. Видео авторы рельстен үш вагон шыққанын айтады. Оның айтуынша, вагондар теміржол байланыс сымдарына тиіп, соның салдарынан үзіліп, құлап кеткен.
"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясында бұл оқиға 8 қаңтар күні кешкі сағат 19:50 шамасында Шымкент пен Арыс арасындағы Манкент станциясында болғанын айтты.
8 қаңтарда сағат 19:50–де Шымкент-Арыс учаскесінің Манкент станциясында жүк пойызы вагондарының рельстен шығып кетті. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Болған оқиға басқа пойыздар қозғалысына әсер еткен жоқ. Келеңсіздіктің салдарын жою үшін Шымкент, Арыс станцияларының қалпына келтіру пойыздары жөнелтілді. Оқиғаның себеп-салдарын "ҚТЖ" ҰК" АҚ-ның арнайы құрылған комиссиясы тексереді, - деді "ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметінде.