Түркістан облысында жоғалған екі азаматтың бірінің денесі табылды

8 Ақпан 2024, 14:44
785
Бөлісу:
Түркістан облысында жоғалған екі азаматтың бірінің денесі табылды
Фото: Арман Мухатов - архив

7 ақпанда 1975 және 1989 жылдары туған екі адам Түлкібас ауданының Керейт ауылынан мал іздеуге шығып, ауа райының қолайсыздығынан адасып кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына 48 адам, 4 техника, 2 дроннан құралған Түркістан облысы ТЖД, ЖАО күштері мен құралдары және жергілікті тұрғындар жұмылдырылды.

Іздеу жұмыстары ауа райының нашарлауымен қиындады.

Іздеу тобы 1989 жылы туған азаматты Шинбұлақ ауылынан тапты. Өкінішке қарай, 1975 жылы туған азаматтың денесі табылды.

Өзгелердің жаңалығы