Түркістан облысында түйе сүтін өңдейтін зауыт ашылды

18 Наурыз 2023, 13:57
842
Бөлісу:
Түркістан облысында түйе сүтін өңдейтін зауыт ашылды
Фото: Арыс қаласы әкімдігі

Түркістан облысы, Арыс қаласында түйе сүтін өңдейтін зауыт іске қосылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Зауыт түйе сүтін өңдеп, одан құрғақ сүт дайындап шығарады.

Қаламызға инвесторлар тарту жұмыстары жалғасуда. Аталған зауыт жаңа жұмыс орындарының ашылуына, Арыстың дамуына өз үлесін қосады. Арысқа келіп, инвестиция салып жатқан азаматтарға біз қолымыздан келгенше қолдау көрсетуге әрқашан  дайынбыз,- дейді қала әкімі Гүлжан Құрманбекова.

Зауыт жылына 70 тоннадан астам түйе сүтінің құрғақ қоспасын өндіреді. Қазіргі уақытта зауытта 15 адам жұмыс істейді. Зауытта дайын болған өнімдер республикадан бөлек, алыс-жақын шет елдерге экспортталады.

Өзгелердің жаңалығы