Түркістандық тергеушілер педофил әкенің кінәсін толық дәлелдеді

10 Желтоқсан 2020, 18:48
2110
Бөлісу:
Түркістандық тергеушілер педофил әкенің кінәсін толық дәлелдеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сот оны 20 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлады Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметі.

Тергеушілердің өндірісінде көптеген және әр қилы іс кездеседі. Кейде оларды зерттей отырып, жәбірленушілердің де, күдіктілердің де тағдыры қайғылы болатынын түсінесің, әсіресе, ата-аналарының өз балалары қылмыстың құрбаны болған кезде. Сіз түсінесіз бе, мен де әкемін және менің тергеудің қазанында қайнап келе жатқаныма биыл бірінші жыл емес. Мен сан түрлі деңгейдегі қылмыскерлерді көрдім. Бірақ дәл мұндай қылмыстар мені әрдайым таңғалдырады... - дейді Түркістан облыстық ПД Тергеу басқармасының бастығы, полиция полковнигі Нұрмахан Жалғасов.

Оның айтуынша, осы жылдың басында Арыс АПБ-ға жергілікті тұрғын арыз берген. Әйел өзінің үлкен қызының телефонынан кездейсоқ күйеуінің жіберген хабарламаларын тауып алғанын айтты. 

Оның жіберген мәтіндерінің мазмұны әйелге күдік тудырған. Содан соң қызымен ашық сөйлесіп, күйеуінің өз қызын зорлап жүргенін түсінген. Әйелдің арызын біз бірден ҚР ҚК-нің 120-бабы «зорлау» бойынша СДТТБТ-ға тіркедік. Тергеушілер тергеуді бастап кетті. Сотқа дейінгі тергеу барысында бұл отбасының ешқандай есепте тұрмайтын, қарапайым отбасы екенін анықтадық. Отағасы Ресейде вахталық әдіспен, ал анасы Арыс қаласында жұмыс істейді. Көпбалалы отбасында бес бала тәрбиеленуде. Ең үлкен қызы педофил әкенің құрбаны болып отыр. Біз барлық тергеу әрекетін жан-жақты зерделеп жүргіздік. Іске қатысты әрбір нәрсені назардан тыс қалдырмауға тырыстық. Оған қоса жәбірленушінің әкесі де кінәсін мойындамады, - деді ол.

Нұрмахан Жалғасов қыздың әкесінің кінәсін дәлелдеу үшін айғақтарды жинауға қажетті басқа да іс-шаралар кешенін атқарғанын айтты.

Әңгімелескен сайын істегенін жоққа шығарып, айтқанынан қайтпады. Қызым барлығын ойынан шығарып отыр деп, бізді адастыруға тырысты. Сондықтан біз үшін барлық дәлелді ұсақтардан жинауға тура келді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруге үш айдан астам уақытымызды жұмсадық. Осы уақыт ішінде біз бірқатар сараптаманы тағайындадық. Қыздың әкесінің кінәсін дәлелдеу үшін айғақтарды жинауға қажетті басқа да іс-шаралар кешенін атқардық. Нәтижесінде алты томдық қылмыстық іс қозғалды. Әр том 180 беттен тұрды. Осылайша, биыл жаз айында іс толығымен аяқталып, айыптау актісімен бірге сотқа жіберілді. Сот істі қарап, өз үкімін шығарды. Өз қызын зорлаған қатыгез әке 20 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп атап өтті Тергеу басқармасының бастығы Нұрмахан Жалғасов.

Өзгелердің жаңалығы