Түркістан облысында танысын тонаған жігіт 3 жарым жылға сотталды

31 Тамыз 2021, 10:19
7755
Бөлісу:
Түркістан облысында танысын тонаған жігіт 3 жарым жылға сотталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында танысын тонаған жігіт үш жарым жылға сотталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Түлкібас АПБ-ға ауруханалардың бірінен хабар түскен. Онда жас жігіттің түрлі дене жарақатымен түскендігі туралы көрсетілген.

Полицейлер хабарды алысымен ауруханаға жедел жетіп, жәбірленушіден болған оқиғаны толық сұрап, мән-жайды анықтады. 

Белгілі болғандай, жәбірленуші жас жігіт таныстарымен бірге бір пәтерде ішімдік ішкен. Содан соң танысы екеуінің арасында жанжал туындап, салдарынан танысы оны ұрып-соғып, сырт киімін тартып алған. 

Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 191-бабы (Тонау) бойынша СДТБТ-ға тіркеді. Содан соң күдіктіні іздеуге бірден кірісті. Көрген-білгендерден жауап алды. 

Қылмысты ашу мақсатында жан-жақты іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде полицейлер күдіктіні тәулік ішінде анықтап, ПБ-не жеткізді. 

Болған оқиғаны толық анықтап, күдіктіге қатысты істі заңды шешім көрілуі үшін Түлкібас аудандық сотына жолдады. Сот күдіктіні ҚР ҚК-нің 191-бабы бойынша кінәлі деп танып, үш жыл алты айға бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындауға үкім шығарды.

Өзгелердің жаңалығы