Түркістан облысында сәбидің денесі табылды

9 Мамыр 2024, 19:05
1899
Бөлісу:
Түркістан облысында сәбидің денесі табылды

Белгісіз адам нәрестені облыстық перинаталдық орталыққа тастап кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, белгісіз адам ай-күні жетілмей туған сәбиді №2 облыстық перинаталдық орталыққа тастап кеткен. 20-21 апталық қыздың өлі денесі қорапшада болған.

Оқиға 7 мамыр күні сағат 21:00 шамасында болды. Нәресте табылған соң бірден полиция қызметкерлері шақырылды. Оқиға болған жер тексеріліп, сот-медициналық сараптамаға тағайындалды, - делінген ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы