Түркістан облысында Қытай азаматын зорлады деген күдікпен ер адам қамауға алынды

Құқық қорғау органдары күдіктіні қамауға алды. Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа қатысты тергеу жалғасуда.

 ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов 28 Шілде 2026, 11:39
28 Шілде 2026, 11:39
121
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Түркістан облысында Қытай Халық Республикасының азаматына қатысты зорлау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл туралы облыстық Полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті ретінде Шымкент қаласының тұрғыны анықталып, қамауға алынды. Қазіргі уақытта барлық мән-жайларды анықтауға бағытталған қажетті іс-шаралар атқарылуда. Тергеу нәтижелері бойынша қолданыстағы заңнама аясында тиісті шешім қабылданатын болады, – деп хабарлады Түркістан облысы Полиция департаменті.

Полиция тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейтінін атап өтті.

Бұған дейін бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде аталған іс бойынша күдікті ретінде Бәйдібек аудандық мәслихатының депутаты Ерғали Аманбаев көрсетілгені туралы ақпарат тараған болатын. Алайда құқық қорғау органдары бұл мәліметке ресми түрде түсініктеме берген жоқ және күдіктінің жеке басына қатысты ақпаратты жарияламады.

Тергеу жалғасып жатыр. Істің барлық мән-жайы анықталғаннан кейін процессуалдық шешім қабылданады.

Тағы оқи отырыңыз: Шымкент УҰИ-дағы 23 жастағы бойжеткен өлімі: Жаңа мәліметтер белгілі болды 

Павлодарда сәбиімен келе жатқан әйелдің басына мұз құлады: Полиция қылмыстық іс қозғады 

Наверх