Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Сайрам ауданында орналасқан «Шымыр-Медет» жылыжайында лимон ағаштары алғашқы жемісін бере бастады. Жылыжайдың жалпы көлемі 1 гектар аумақты құрайды. Онда 2000 түп лимон көшеті отырғызылған.
2017 жылы жылыжай ісін қолға алған болатынмын. Араға 3 жыл салып төккен тердің жемісін көру бақыты бұйырыпты, қуаныштымын, әрине. Қандай да бір шаруа болмасын алдымен қызығушылық таныту керек. Өзім зейнет жасындамын. Еңбек еткен адам ғана нәтижеге қол жеткізетіндігі анық,- дейді жылыжай иесі Зейнеп Жолдасова.
Қайнарбұлақ ауыл округіндегі лимон бағы жабық топырақта өсірілетін облыс көлеміндегі ең үлкен жылыжай болып табылады. Жылыжай ісі бүгінде отбасылық кәсіпке айналған. Жоспардағыдай өнім жиналса, оны облыс аймағы мен Шымкент қаласында саудалау жоспарланып отыр.
Оқи отырыңыз: