Түркістан облысында карантин ұзартылды

5 Ақпан 2021, 16:50
1743
Бөлісу:
Түркістан облысында карантин ұзартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Нұрбек Нышановтың жаңа қаулысы шықты.

Коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін Түркістан облысының аумағанда карантин жзне шектеу шаралары ұзартылсын, - делінген құжатта.

- Тұрғылықты жері бойынша адамдардың көп жиналуына байланысты кез келген жиындарды, сондай-ақ, отбасылық, естелік іс-шараларды (еске алу, туған күн, мерейтой, құдалық, той, беташар, т.б.) өткізуге тыйым салынады;

- Білім беру ұйымдарын қашықтан оқытуды, оның ішінде білімді бағалаудың барлық түрлері қашықтан өткізіледі;

- Ойын-сауық нысандарының (түнгі клубтар, компьютерлік клубтар, караоке, бильярд, боулинг орталықтары, жабық үй-жайлардағы балалар ойын алаңдары мен аттракциондар), букмекер кеңселерінің жұмысына тыйым салынады;

- Облыс аумағында маска кию режимі және кемінде 1,5-2 метр әлеуметтік қашықтық сақталуы қажет;

- Азық-түлік және азық-түлік емес ашық және жабық базарлардың қызметі жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін, демалыс күндері (сенбі-жексенбі) және мереке күндері сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін бір келушіге 4 шаршы метрден және 30%-дан асырмай толтырумен шектеледі;

- Сауда ойын сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда желілерінің қызметін, ондағы орналасқан дәріханаларды, азық-түлік өнімдері мен бірінші кезекте қажетті заттарды сату жөніндегі супермаркеттерді қоспағанда жұмыс күндері және сенбі күні сағат 09:00-ден 21:00-ге дейін, жексенбі және мереке күндері 09:00-ден 18:00-ге дейін;

- Азық-түлік гипермаркеттері, супермаркеттері, шағын маркеттері, үй жанындағы дүкендер қызметі сағат 09:00-ден 23:00-ге дейін;

- Моншалар мен сауналардың қызметі сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін ұйымдастырылады.

Қаулының толық нұсқасын мына жерден оқуға болады.

Өзгелердің жаңалығы