Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында 60 ауылдық округі бойынша ауылдардың, кенттердің, ауыл округтері әкімдерінің сайлауы өтті, деп хабарлады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Сайлау округтері бойынша сайлаушылар тізіміне 265 146 азамат енгізілсе, оның ішінде дауыс беруге қатысқаны - 209 227 (79%). Әкімдікке үміткерлердің саны – 166 адам. Бұл туралы облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Әлібек Өмірәлиев мәлімдеді.
Барлық 60 сайлау округінде әкімдер сайланды. Сайланған ауыл әкімдерінің: 16-сы - мемлекеттік қызметкер, ауыл округтерінде қайта сайланғандар - 17, басқа ауыл округтерінің әкімдері - 6, коммерциялық саланың өкілдері - 4, бюджеттік мекеменің қызметкерлері - 8, уақытша жұмыс істемейтіндер -1. Орта жас - 46,7. Сайланған ауыл әкімдерінің 43-і саяси партиялар атынан ұсынылған: Nur Otan партиясынан - 41, «Ауыл» ХДП партиясынан - 1, ADAL саяси партиясынан - 1, өзін-өзі ұсынғандар – 17. Ең көп дауыс алған әкім Сарыағаш ауданындағы Жібек жолы ауылдық округінен 8 839 дауыс алды. Сайлау бюллетендерін қайталап санау сайлау учаскелерінде өткізілмеді. Соттарға, жоғары тұрған комиссияға сайлау комиссияларының іс-әрекеттері туралы арыз-шағымдар түспеді, - деді Әлібек Кәденұлы.
Оқи отырыңыз: