Түркістан облысында 30 жолаушы құтқарылды

29 Қаңтар 2021, 21:17
1473
Бөлісу:
Түркістан облысында 30 жолаушы құтқарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының  Кентау, Қазығұрт, Төлеби, Бәйдібек аймақтарында  ауа-райының күрт өзгеріп, қалың қар мен желдің күшеюінен облыстық маңызы бар автомобиль жолдары  жабылған.

Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, басқарманың шаруашылық жүргізу құқығындағы «Оңтүстік жолдары» МКК-ны мен қосалқы Мердігерлердің 25 арнайы техникалары мен 30 жұмысшылары үзіліссіз жолды қардан тазарту жұмыстарын жүргізген. 

Соның ішінде, Кентау қаласы мен Созақ ауданын жалғап жатқан күре жол облыстық маңызы бар КХ-56 Жамбыл облысы, Құмкент – Шолаққорған – Кентау автомобиль жолы «Ащысай» асуында  уақытша көлік қозғалысы тоқтатылды. «Оңтүстік жолдары» МКК-ны мен қосалқы Мердігер «Илдас» ЖШС-нің 10 арнайы техникалары мен 20 жұмысшылары бұл аймақтарда үзіліссіз жолды қардан тазарту жұмыстарын жүргізді.  Нәтижесінде 3 тәулік бойы қар тазалау барысында 16 жеңіл автокөлік қар құрсауынан құтқарылып, жолда қалып қойған 21 жолаушылар эвакуацияланды.

Кентау қаласына қарасты Ащысай ауылы таулы аймақта орналасуына байланысты, арнайы техниканың көмегімен тазартылған автомобиль жолдары қайтадан қарға толып, автомобиль жолдарының жабылу жағдайлары орын алды. Қазіргі таңда, облыстық маңызы КХ-56 автомобиль жолын қардан тазалау жұмыстары жүргізілуде. Екі жолақты жолдың бір жақ бөлігі қардан толығымен тазаланып, көлік қозғалысы бір жолақ бойынша ұйымдастырылды.

Өзгелердің жаңалығы