Түркістан облысында 12 мың тонна шөп өртенді

Өрт толық сөндірілді, зардап шеккендер жоқ. Қазір оның шығу себебі анықталып жатыр.

 видеодан скриншот 31 Қазан 2026, 15:06
31 Қазан 2026, 15:06
146
Фото: видеодан скриншот

Түркістан облысында шамамен 12 мың тонна престелген шөп өртенген ірі өрт сөндірілді.

Арыс қаласына қарасты Қожатоғай ауылында өрт шыққаны туралы хабар «112» қызметіне түскен. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер серіктестіктердің бірінің аумағында бастырма мен жалпы көлемі шамамен 12 мың тонна престелген шөптің ашық жалынмен жанып жатқанын анықтаған.

Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері өртті сөндіруге жедел кірісті. Өртті жоюға ТЖМ, орман шаруашылығы бөлімшелері, сондай-ақ Қорғаныс министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың күштері жұмылдырылды.

Барлық жұмылдырылған қызметтердің бірлескен жұмысының арқасында өрт толық сөндірілді. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтар мен ауыл шаруашылығы нысандарының басшыларына өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауды еске салды. Әсіресе шөп пен басқа да тез тұтанатын материалдарды сақтау кезінде сақтық шараларын сақтау қажеттігін атап өтті.

Наверх