Түркістан облысында «109» бірыңғай желісі іске қосылды

18 Шілде 2022, 20:15
1615
Бөлісу:
Түркістан облысында «109» бірыңғай желісі іске қосылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында «109» бірыңғай желісі іске қосылды. 

Енді жарық, жылу, су, газ, жалпы тұрғын-үй коммуналдық жүйесіндегі ақау мен апаттық жағдайларда мекеме аралап, әуре сарсаңға түсудің қажеті жоқ. Байланыс орталығына ұялы және қалалық телефоннан қоңырау шалуға болады.

Атап өтерлігі, «109» қызметі бұрын тек Түркістан мен Кентау қалаларында болған. Енді бұл жүйе бүкіл облысты қамтитын болады. Бүгінде облыс көлемі бойынша 3 628-ден астам өтініш қабылданып, оның 90%-дан көбі шешімін тапқан.

Жоба облыс және қала әкімдігінің қолдауымен «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде іске асуда. 109 - байланыс орталығының Іnstagram (@turk.obl_109), whatsapp (87011313109), facebook (байланыс орталық) парақшалары және «aikey-109» қосымшасы арқылы өтінімдерді қабылдауға дайын.

Өзгелердің жаңалығы